Константин Горовенко: Өзімді жауапкершіліктен босатпаймын
«Атыраудың» бас бапкері Константин Горовенконың «Ақжайыққа» қарсы матчтан кейін тілшілерге берген сұхбаты.

- Біз қарсыластың ойынды қалай құратынын түсіндік. Қарсы шабуыл болатынын ескерттік. Өкінішке орай, біз өзіміздің бұраштамадан кейін бұл қарсы шабуылды өткізіп алдық. Ол жерде бірден бірнеше ойыншы қателесіп, тактикалық фол жасау жасау керек еді. Гол соғылғаннан кейін қарсылас төмен отырды, біз олардың қорғанысын бұза алмадық.
Олардың айып алаңдарына жақындаулар болды, бірақ қауіпті сәттер болған жоқ. Шабуыл тобындағы бірқатар ойыншыларға шағымдарым бар. Бір-екі адам үмітті ақтамады. Мен өзімді жауапкершіліктен босатпаймын, бір жерде мүмкін бастапқы құрамды дұрыс шығармадым. Бізде жас ойыншылар көп, оларға әлі тұрақтылық жетіспейді.
Қатарынан екі жеңістен кейін біз өз мүмкіндіктерімізді асыра бағалаған болармыз. Бірақ чемпионат жалғасуда, бізге әр ойында жігерімізді көрсету керек, жанкүйерлердің сенімін ақтау керек. Егер жанкүйер стадионнан наразы болып кетсе, онда біз дұрыс ойын көрсетпедік.