ҚПЛ: «Ордабасы» бапкері «Тобылға» қарсы матч туралы пікір білдірді
<span>«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев ҚПЛ-дың 5-туры аясында өткен «Тобылға» қарсы матч (3:1) туралы пікір білдірді, деп хабарлайды </span>Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Әлбетте, біз жеңіске дән ризамыз. Өте мықты команданы жеңдік, кездесудің көп бөлігінде ойыншыларымыз қарсыласқа қарағанда толық болды. Өкінішке орай, біз голдарымызды ертерек соғып, матчты қалыпты темппен ойнар едік. Алайда, тағы бір қайталап айтамын, бұл жеңіс біздің күшті екенімізді білдірмейді, тек әлеуетіміз бар екендігін көрсетеді.
«Тобыл» өте күшті әрі сыйластыққа лайық команда. Ел чемпиондарына алдағы уақытта және еурокубоктарда сәттілік тілеймін. Өз ойыншыларыма ойын үшін, ал адал жанкүйерлерімізге қолдаулары үшін алғыс айтамын. Сонымен қатар футболшыларыма жеңістер, көрегендікті және өз күштеріне сенулерін тілеймін.