УЕФА басшысы Чеферин Ресейдің 2028 немесе 2032 жылы Еуропа чемпионатын өткізуге ниеті туралы пікір білдіруден бас тартты

УЕФА басшысы Чеферин Ресейдің 2028 немесе 2032 жылы Еуропа чемпионатын өткізуге ниеті туралы пікір білдіруден бас тартты

УЕФА президенті Александер Чеферин Ресейдің 2028 немесе 2032 жылы Еуропа чемпионатын өткізуге ниеті туралы пікір білдіруден бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі спорт24 сайтына сілтеме жасап.

23 наурызда УЕФА төрт тарап 2028 және 2032 жылдардағы Еуропа чемпионатының финалдық ойындарын өткізуге қызығушылық танытқанын растады.

Англия, Солтүстік Ирландия, Ирландия, Шотландия және Уэльс футбол қауымдастықтары Еуро-2028 өткізуге бірлескен өтінім берді.

Ресей мен Түркия 2028 немесе 2032 жылғы Еуропа чемпионатын өткізуге қызығушылық танытса, Италия Еуро-2032 өткізуге мүдделі екенін білдірді. Еуро-2028 және Еуро-2032 қожайындары 2023 жылдың қыркүйегінде белгілі болады.

«Мен Ұлыбритания немесе кез келген басқа елдің өтініміне қатысты пікір білдірмеймін. Бірақ біз бұл мәселені талқылап жатырмыз және көп ұзамай жауабын аласыздар», - деп келтіреді <span data-contrast="none">Reuters</span> Чефериннің сөзін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или