Чемпиондар лигасы: «Реал» мен «Вильярреал» жеңіске жетті
Қазақстан уақыты бойынша 6 наурыздан 7 наурызға қараған түні Чемпиондар лигасының 1/4 финалы аясында екі матч өтті, деп жазады Prosports.kz.
«Реал Мадрид» сырт алаңда лондондық «Челсиді» 3:1 есебімен жеңді. Мадридтік команда сапынан үш голды да Карим Бензема соқты. Алаң иелері сапынан Кай Хаверц көзге түсті.
«Челси» – «Реал Мадрид» 1:3 (1:2)
Гол соққандар: 0:1 - 21 Бензема, 0:2 - 24 Бензема, 1:2 - 40 Хаверц, 1:3 - 46 Бензема.
Ал «Вильярреал» өз алаңында күтпеген жерден «Баварияны» жеңіп кетті. Есеп - 1:0.
«Вильярреал» – «Бавария» - 1:0.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или