Владимир Газзаев «Тұраннан» кетті
Қазақстан чемпионатының төртінші турынан кейін «Тұран» ФК бас бапкері Владимир Газзаев клубтан кетті. Бұл туралы клубтың ресми парақшасы хабарлады.
Маман отбасылық жағдайға байланысты клубпен келісімшартты қос тараптың келісімімен бұзды. Бас бапкердің міндетін уақытша физикалық даярлық бойынша жаттықтырушы Қуаныш Қабдолов атқарады.
«Тұран» футбол клубының ұжымы Владимир Валерьевичке атқарған жұмысы үшін алғысын айтып, жаттықтырушы қызметінде тек сәттілік, отбасына аман-саулық тілейді.
Владимир Газзаевтың қол астында «Тұран» үш матчтан соң 1 ұпай жинап, жарыс кестесінде 13-ші орынға жайғасты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или