Қазақстан WU-19 құрамасының Еуропа чемпионаты іріктеуіне қатысатын құрамы жарияланды
Қазақстан WU-19 құрамасы әйелдер арасындағы 2022 жылғы Еуропа чемпионатының екінші іріктеу кезеңінде «В» лигасының төртінші тобына түсті. Мұнда олар Шотландия, Косово және Эстония құрамаларымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойындар Шотландия астанасы Эдинбургте өтеді.
Бірінші кезеңде Қазақстан құрамасы өз тобында соңғы орын алған. Топ жеңімпазы «А» лигасына көтеріледі. Матчтар 6-12 сәуір арасында өтеді.
Қазақстан WU-19 құрамасының матчтар кестесі:
05.04.2022. Шотландия WU-19 – Қазақстан WU-19
08.04.2022. Косово WU-19 – Қазақстан WU-19
11.04.2022. Қазақстан WU-19 – Эстония WU-19
Қазақстан WU-19 құрамасы:
Қақпашылар: Анастасия Хохлова, Арина Орел;
Қорғаушылар: Қазына Норбаева, Ангелина Хабуева, Анелли Легай, Маргарита Талдыкина, Рамина Иманжанова;
Жартылай қорғаушылар: Әсел Жұмағали, Валерия Прохорова, Аида Ердәулетова, Милана Ткач, Сарбиназ Тұрсынқұл, Юлия Бут, Назмина Сағатова, Лунара Мыңжасар, Малика Білісбек;
Шабуылшылар: Нұрсұлу Балжан, Аделя Абжан, Полина Осипова, Яна Романова;
Бапкерлік штаб: Орынбасар Дәуренбекова – аға бапкер, Ксения Постовая – аға бапкердің көмекшісі, Рамиль Хамитов – қақпашылар бапкері.