Ресми: Дидар Жалмұқан «Қайсарға» ауысты
Қазақстандық жартылай қорғаушы Дидар Жалмұқан алдағы маусымда «Қайсар» сапында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы қызылордалық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
25 жастағы жартылай қорғаушы жаңа командасында 73 нөмірмен өнер көрсетеді.
Дидар Жалмұқан «Ақтөбе» командасының түлегі. Туған командасынан бөлек «Астана», «Тобыл», «Атырау» сынды клубтарда бақ сынады. Ол былтырғы маусымда «Ақтөбе» сапында 26 матчқа қатысып, 2 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.
Бір қызығы, Дидар Премьер лигадағы алғашқы кездесуін 2014 жылы 20 қыркүйекте «Қайсар» командасына қарсы өткізген екен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или