«Каспийдің» бас бапкері «Ордабасыға» қарсы ойын туралы пікір білдірді
«Каспийдің» бас бапкері Николай Костов ҚПЛ-дың 4-туры аясында өткен «Ордабасыға» қарсы ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы ақтаулық клубтың баспасөз қызметі жазды.
— «Бүгінгі матчта бар күшімізді сала алмадық. Барлығы көрді. Біз өзіміз мұны күтпеген едік, өйткені «Ордабасымен» жақсы ойынға дайындалып едік. Мен қазір бүкіл ойынды талдамаймын, ертең ойынды қайта қарап, себебін табу керекпін. Өйткені біз шынымен де жақсы ойнай алмадық. Нәтиже жақсы болды бұл ең бастысы. Мен өз ойыншыларыма, сондай-ақ жанкүйерлерімізге үлкен қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді.
Чемпионатты жақсы бастағандықтан болар, бізге қойылатын талаптар көтерілді. Бәлкім, сабыр сақтап, бәріне философиялық тұрғыдан қарау керек шығар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или