Төреші «Ақсуды» бір ұпайдан айырды ма?

Төреші «Ақсуды» бір ұпайдан айырды ма?

ҚПЛ 4-турындағы «Қызыл-Жар» - «Ақсу» кездесуі петропавлдық клубтың пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойында қос команданың қақпасына бір-бір пенальтиден белгіленіп, футболшылар он бір метрліктен мүлт кетпеді. Алайда, ойын барысында даулы жағдай болды. Павлодарлық команданың футболшысы допты айып алаңға асырған сәтте «Қызыл-Жардың» бесінші нөмірдегі қорғаушысы Валерий Каршакевич қолмен ойнады. Бірақ, тәртіп бұзылғанын төреші байқамай қалды. VAR жүйесіндегі көмекшілері де бас қазы Болат Сариевке футболшының қолмен ойнағанын ескертпеді. 

Төреші екі пенальти белгілеген сәтте де VAR жүйесінен көмек сұрамады.

ҚПЛ. 4-тур.

«Қызыл-Жар» (Петропавл) – «Ақсу» (Павлодар облысы) – 2:1 (1:1)

Гол соққандар: Әбікен 20 (пенальтиден – 0:1), Коне 29 (1:1), Бушман 65 (пенальтиден – 2:1)

Төреші: Сариев (Орал)

3 сәуір. Нұр-Сұлтан. «Астана Арена».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или