Қазақстан қыздар құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімі жарияланды

Қазақстан қыздар құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімі жарияланды

Қазақстан қыздар құрамасының бас бапкері Айтбай Жамантаев оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында екі матч өткізеді.

Словениямен матч 8 сәуір күні елорда уақытымен сағат 18:00-де басталады. 12 сәуірде Айтбай Жамантаев шәкірттері Уэльс құрамасына қарсы матч өткізеді. Басталу уақыты – 19:00-де. Екі матчты да тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді. Ойындар «Астана Арена» стадионында өтеді.

Қақпашылар: Ирина Саратовцева (клубсыз), Назым Исмаилова («Хатайспор», Түркия), Виктория Зейнали («Оқжетпес»);

Қорғаушылар: Мария Демидова, Александра Бурова, Айша Садықова (барлығы – «БИІК-Шымкент»), Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей), Бибігүл Нұрышева, Кұндыз Қожахмет, Айгерім Айтымова (барлығы – «Томирис-Тұран»), Анастасия Власова, Жансая Қазиева (екеуі де – «Оқжетпес»);

Жартылай қорғаушылар: Әселхан Тұрлыбекова («БИІК-Шымкент»), Фатима Сатығалиева, Айдана Күзтай, Әсем Қаражанова (барлығы – «Оқжетпес»), Карина Жұмабайқызы («Рязань-ВДВ, Ресей);

Шабуылшылар: Светлана Бортникова («БИІК-Шымкент»), Әсел Көбесова («Томирис-Тұран»), Арайлым Орынбасарова («Оқжетпес»).

Бапкерлер штабы:

Айтбай Жамантаев – бас бапкер, Бегаим Қырғызбаева – бас бапкер көмекшісі, Ержан Сұнақов – қақпашылар жаттықтырушысы, Ахматхон Искандаров – дәрігер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или