Антонио Кассано: «Италия чемпионаты - бейшара халде».

Италия құрамасының шабуылшысы Антонио Кассано Италия біріншілігіне өз бағасын беріп, болашақ жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Футболды сағындым. Жазда алаңға оралғым келеді. «Сампдория» сапында ойнайын десем, олар мені алмайтын секілді командаға. «Монако» клубы да ұнайды маған. Әзірше тек қана Бразилия, Дубай мен Америкалық командалардан ғана ұсыныс келуде.

Айтпақшы, Италия чемпионаты - қазір бейшара халде, мұндай біріншілікте менің атам да доп тебе алады. Бұлай жалғаса берсе, «Ювентус» он жыл бойы ешкімге бірінші орынды бермейтін сияқты», – деді форвард.

Естеріңізге салсақ, итальялық футболшының соңғы клубы «Парма» еді. Қыс мезгілінен бері ол еркін агент ретінде жаңа клуб іздеп жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или