Ресми: Бауыржан Тұрысбек – «Атырау» ойыншысы

Ресми: Бауыржан Тұрысбек – «Атырау» ойыншысы

Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек «Атырауға» ауысты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми хабарлады.

Жаңа командада Бауыржан Тұрысбек 33 нөмірлі жейдеде өнер көрсетеді.

Бұған дейін футболшы «Ақсудың» оқу-жаттығу жиынына қатысты, бірақ павлодарлық командамен келісімшартқа отырған жоқ.

Сондай-ақ, Екінші лигада бақ сынайтын «Хан Тәңірі» командасы да Тұрысбекке қызығушылық танытқан еді.

Айта кетейік, Тұрысбек мансабында «Қайрат», «Тобыл», «Жетісу», «Шахтер», «Тараз» және сербиялық «Раднички» клубтарында өнер көрсеткен. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или