Қазақстан әйелдер құрамасына жаңа бапкер тағайындалды
Бұған дейін бұл қызметті Калоян Петков атқарған.
Айтбай Жамантаев бапкерлік мансабын 1982 жылы бастаған. 1984 жылы «Целинник» командасымен бірге КСРО чемпионатының 2 лигасындағы 8 аймақтың жеңімпазы атанған. 2004-2005 және 2017-2018 жылдары еліміздің басты әйелдер командасын баптады.
Айтбай Жамантаевқа әйелдер құрамасының бұрынғы капитаны Бегаим Қырғызбаева көмектеседі.
8 және 12 сәуірде команда 2023-жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі қарсаңында Словения мен Уэльске қарсы ойнайды. Оқу-жаттығу жиыны 4 сәуірде бастау алады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или