ҚПЛ: Наурыз айының үздік бапкері анықталды

ҚПЛ: Наурыз айының үздік бапкері анықталды

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы ел чемпионатының наурыз айындағы үздік бапкерін анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үздік бапкер дауыс беру арқылы анықталды. 

Ең көп дауыс жинаған «Каспий» бапкері Николай Костов айдың үздігі атанды. Ақтаулық команда наурыз айындағы үш кездесуде 7 ұпай жинады. Он төрт жаттықтырушының алтауы Костовқа дауыс берді.

Сауалнамада екінші орынды «Қайраттың» бас бапкері Курбан Бердыев иеленді. Алматылық команда қазір турнирлік кестеде бірінші орында тұр.

Үздік үштікті Руслан Костышин («Ақсу») түйіндеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или