«Шахтердің» бразилиялық қорғаушысы «Реалға» ауысты

«Шахтердің» бразилиялық қорғаушысы «Реалға» ауысты

«Шахтер» (Донецк) футбол клубының қорғаушысы Винисиус Тобиас «Реал Мадридке» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тобиас Мадридтік клубқа 2022/2023 жылғы маусымының соңына дейін жалға берілді. Келісімшартта «Реалдың» ойыншыны сатып алуына болатыны көрсетілген.

«Шахтер» 18 жастағы қорғаушыны 2022 жылы қаңтарда «Интернасьоналдан» 6 миллион еуроға сатып алған. Ойыншының клубпен келісімшарты 2026 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Transfermarkt порталының мәліметінше, бразилиялық ойыншының трансферлік құны 3 миллион еуро. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или