«Қайрат» ФК Боранбаев қамауға алынғаннан кейінгі клубтың қызметі туралы айтты

«Қайрат» ФК Боранбаев қамауға алынғаннан кейінгі клубтың қызметі туралы айтты

Қазақстандық «Қайраттың» бапкері Дмитрий Кириченко клуб қожайыны Қайрат Боранбаев қамауға алынғаннан кейінгі команданың қызметі туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Біз жұмыс істеп, жаттығып жатырмыз, барлығы кестеге сай жүріп жатыр, - деді Кириченко. – Қайрат Советұлының жағдайы жақсы болады деп үміттенеміз.

- Қамауға алыну клубтың қаржылық жағдайына әсер етпей ме?

- Қиындықтар жоқ.

<span>Еске салайық, квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істе тергеліп жатқан Қайрат Боранбаев Нұр-сұлтан мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 17 наурыздағы шешімімен екі ай мерзімге қамауға алынған еді.</span>

Айта кетерлігі, Қайрат Қазақстанның үш дүркін чемпионы және ел кубогының 10 дүркін иегері. Қазір команданы танымал түрікмендік және ресейлік бапкер Құрбан Бердыев басқарады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или