Бауыржан Тұрысбек «Атырауға» ауысады
Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек «Атырауға» ауысады. Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.
Футболшы «Ақсудың» оқу-жаттығу жиынына қатысты, бірақ павлодарлық командамен келісімшартқа отырған жоқ.
Сондай-ақ, Екінші лигада бақ сынайтын «Хан Тәңірі» командасы да Тұрысбекке қызығушылық танытқан еді.
Айта кетейік, Тұрысбек мансабында «Қайрат», «Тобыл», «Жетісу», «Шахтер», «Тараз» және сербиялық «Раднички» клубтарында өнер көрсеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или