Серхио Агуэро карьерасын қайта бастамақ

Серхио Агуэро карьерасын қайта бастамақ

Аргентина құрамасының бұрынғы шабуылшысы Серхио Агуэро карьерасын қайта бастауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Бұл туралы футболшының өзі айтты. 

«ФИФА қазірдің өзінде маған аңыз адамдай қарайды, бірақ кеше мен алаңға қайта оралу туралы ойладым. Дәрігерлер алты ай бойы футболдан бас тартуым керегін айтты, бірақ мен жаттығу жасағым келеді. Маған «Интер Майами» өкілдері қоңырау шалды, мен бас тарттым», - деді Агуэро TyC Sports басылымына.

Еске салайық, Серхио Агуэро 2021 жылы 30 қазанда «Барселона» сапында «Алавеске» қарсы матчты аяқтай алмаған еді. Кейін жүрегі ауыратыны анықталып, футболшы желтоқсанда карьерасын аяқтаған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или