«Қайрат» Боранбаевтың ісін әділ тексеруді сұрады

«Қайрат» Боранбаевтың ісін әділ тексеруді сұрады

Алматылық «Қайраттың» бапкерлер құрамы, ойыншылары мен әкімшілігінің қызметкерлері, сондай-ақ клуб ардагерлері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>тілшісі<span> </span>fckairat.com сайтына сілтеме жасап.

Үндеуде ардагерлер, ойыншылар, жаттықтырушылар және клубтың ұжымы Президент пен ел Конституциясының кепілгерінен <span>«Қайрат»</span> ФК Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаевқа қатысты істің әділ қаралуын және заң сақталуын қамтамасыз етуді сұрады.

Үндеуге Құралбек Ордабаев, Владимир Никитенко, Самат Смақов, Сейілдә Байшақов, Вахид Масудов және басқалары қол қойған.

Еске салайық, квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істе тергеліп жатқан Қайрат Боранбаев Нұр-сұлтан мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 17 наурыздағы шешімімен екі ай мерзімге қамауға алынған еді.

Фото fckairat.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или