Мексика мен АҚШ әлем чемпионатына жолдама алды
КОНКАКАФ аймағы бойынша (Солтүстік және Орталық Америка және Кариб аралы елдері арасында) 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Канада, Мексика және АҚШ командалары әлем чемпионатына тікелей жолдама алды. Жолдамаға мерзімінен бұрын ие болған Канада соңғы турда Панама құрамасынан жеңіліп қалды. Мексика құрамасы өз алаңында Сальвадорды жеңіп (2:0), екінші орынға жайғасты.
КОНКАКАФ аймағындағы іріктеу қорытындысы бойынша АҚШ құрамасы үшінші орынға ие болды. Олар соңғы турда сырт алаңда Коста-Рикадан 0:2 есебімен ұтылып қалды.
Коста-Рика құрамасы төртінші орынды қанағат тұтып, құрлықаралық плей-офф кезеңіне қатысу құқығына ие болды. Катарға бару құқығы үшін Коста-Рика маусымда Жаңа Зеландиямен кездеседі.
Коста-Рика – АҚШ 2:0 (0:0)
Гол соққандар: 1:0 – Варгас (51), 2:0 – Контрерас (59)
Ямайка – Гондурас 2:1 (2:1)
Гол соққандар: 0:1 – Техеда (18, пен), 1:1 – Бэйли (39, пен), 2:1 – Моррисон (45+2)
Панама – Канада 1:0 (0:0)
Гол: 1:0 – Торрес (49)
Мексика – Сальвадор 2:0 (2:0)
Гол соққандар: 1:0 – Антуна (17), 2:0 – Хименес (43, пен)
Командалардың алған орны: 1. Канада – 28 ұпай (доп айырмасы – 23-7), 2. Мексика – 28 (17-8), 3. АҚШ – 25 (21-10), 4. Коста-Рика – 25 (13-8), 5. Панама – 21, 6. Ямайка – 11, 7. Сальвадор – 10, 8. Гондурас – 4.