Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу матчында ерлік жасады

Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу матчында ерлік жасады

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Алматыда Шотландия құрамасымен ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Қайрат Нұрдәулетов келесі құрамды шығарды: Анарбеков, Скворцов, Жақсылықов, Қашкен, Буранчиев, Кеңес, Басманов, Сагнаев, Астанов, Сейдахмет, Жұмабек.

Алматыда қатты жаңбыр жауып, екі команданың да ойынын қиындатты. Бірінші таймда қонақтар бұрыштама добынан есеп ашты. Екінші таймда шотландиялықтар тағы да стандарттан есепті еселеді. Кейін Еркебұлан Сейдахмет өзі пенальти еншілеп, оны сәтті орындап, таблодағы есепті қысқартты. Ал 95-ші минутта Абылайхан Жұмабек гол соғып, Қазақстан құрамасына бір ұпай әкелді.

Осылайша, Қазақстан іріктеу турнирінде қатарынан бес жеңілісінен кейін алғашқы ұпайына қол жеткізді. Келесі матчты 4 маусымда сыртта Данияға қарсы өткізеді.

Қазақстан U-21 - Шотландия U-21 2:2 (0:1)
Гол соққандар: Грэм 25 (0:1), Клейтон 58 (0:2), Сейдахмет пенальти 71 (1:2), Жұмабек 90+5 (2:2).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или