Қазақстан құрамасының капитаны: Молдавияны мықты қарсылас деп айта алмаймын

Қазақстан құрамасының капитаны: Молдавияны мықты қарсылас деп айта алмаймын

Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген бүгін Нұр-Сұлтанда өтетін Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі аясындағы Молдоваға қарсы ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сырт алаңда Молдованы жеңгенімізге қуаныштымын. Молдова құрамасын мықты қарсылас деуге келмейтін шығар, менің ойымша, біз тең дәрежедегі қарсыласпыз. Бұл жолы да жеңеміз деп үміттенемін. Әрине, толқу болды. Өйткені федерация президенті мен бас бапкер ауысты. Бұл да әсер етті. Бірақ қазір барлық толқу артта қалды».

Айта кетейік, бірінші кездесуде 2:1 есебімен Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или