Рустам Ыбраев Баку татимінен алтын жүлде олжалады

Әзірбайжанның бас шаһары Бакуде дзюдодан «Үлкен дулыға» турнирі өтуде. Аталмыш турнирдің бірінші күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынына алтын жүлде түсті.

Әзірбайжанның астанасы Бакуде дзюдодан «Үлкен дулыға» турнирі өтуде. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қандасымыз Рустам Ыбраев алтын жүлде жеңіп алды.

Рустам бірінші айналымда швейцариялық Людовик Чамартинден айласын асырып, екінші кездесуінде австралиялық Людвиг Пайшерді жеңді.

Жартылай финалға жолдама үшін ол Әзірбайжанның атақты балуаны, Әлем біріншілігінің қола жүлдегері - Орхан Сафаровтан үстем түсті.

Жартылай финалда Рустам германиялық дзюдошы Тобиас Энглмайерді жеңіп, финалға жолдама алған. Ал, финалда Франция спортшысы Винсент Лимарды ұтты.

Айта кетейік, Рустам Ыбраев бір жыл бұрын «Үлкен дулыға» турнирінде қола медаль иеленген еді.

«Алаш айнасы» интернет-порталы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или