«Тұран» мен «Яссы» жолдастық матч өткізді
«Тұран» Шымкент қаласында «Яссы» командасына қарсы жолдастық матч өткізді. Кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.
Матч басында екі ұжым да белсенді ойнады. Алайда алғашқы 20 минутта «Яссы» ойыншылары көбірек шабуылдады. Матч есебін де «Яссы» командасы ашты. Артынша ойын сәл бәсеңдеген, дегенмен бірінші таймның соңында Тони Сильва гол соғып, таразы басын теңестірді.
Үзілісте бапкерлер штабы команда құрамында бірнеше өзгеріс жасап, жас ойыншыларды алаңға шығарды. Екінші таймды «Тұран» ойыншылары ширақ бастап, қарсыласына қарағанда жақсырақ көзге түсті.
«Тұран» шабуылшысы Самир Фазли қауіпті сәттердің бірінде команданы есепте алға шығарған еді. Бірақ матч соңында «Яссы» ойыншылары таразы басын теңестіріп кетті. Есеп — 2:2.
Жолдастық матч
«Тұран» — «Яссы» — 2:2 (1:1)
Гол соққандар: Сильва, Фазли
28 наурыз 2022 жыл.
«Тұран» ФК баспасөз қызметі