АҚШ құрамасының ойыншылары қателесіп, әлем чемпионатына жолдама алғанын тойлады
Футболдан АҚШ құрамасы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Панаманы 5:1 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.
Осы жеңістен кейін футболшылар «2022 жылғы әлем чемпионатына жолдама алдық» деген баннер жайып, әлем біріншігіне өткенін тойлады.
Бірақ құрама әлем чемпионатының финалдық кезеңіне қатысуға әлі толық жолдама алмаған.
30 наурызда АҚШ Коста-Рикадан ірі есеппен (кем дегенде 6 доп айырмасымен) жеңіліп, Мексика Сальвадорды жеңсе, америкалықтар топта 4-орын алып, плей-офф матчына қатысуға мәжбүр болады.
Айта кетейік, қазір АҚШ 13 матчта 25 ұпай жинап, Солтүстік Американың іріктеу тобында 2-орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или