Қазақстан кәсіпқой футбол лигасын Рохус Шох басқарады

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасын Рохус Шох басқарады

Рохус Шох Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының президенті болады, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Рохус Шох 1962 жылы Таразда (Қазақстан) дүниеге келген. КСРО чемпионатының екінші лигасында бақ сынайтын «Химик» (Тараз), «Жетісу» (Талдықорған), «Шахтер» (Павлоград) командаларында орталық қорғаушы ретінде өнер көрсетті.

1987 жылдан бастап «Днепрдің», 1990 жылдан «Ротордың» жаттықтырушылар алқасында жұмыс істеді. Екі жоғары білімі бар. Жамбыл инженерлік-құрылыс институтын және Днепропетровск дене тәрбие институтын бітірген.

1990 жылдан бастап Рохус Шох волгоградтың «Ротордың» директоры болды. Кейін ЦСКА, «Ростов», «Урал» сияқты бірнеше ресейлік футбол клубында басшылығында қызмет етті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или