Эриксен Дания құрамасына оралып, гол соқты
Нидерланды құрамасы мен Дания ққрамасы жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Рrosports.kz.
Кездесу 4:2 есебімен Голландия құрамасының пайдасына аяқталды.
Жеңімпаздар сапында Стивен Бергвейн (16 және 71-минуттар) дубль авторы атанды, Натан Аке (29) мен Мемфис Депай (38, пенальтиден) гол соқты. Ал Дания сапынан Янник Вестергор (20) мен Кристиан Эриксен (48) көзге түсті.
Эриксен Еуропа чемпионатында Финляндияға қарсы ойында (0:1) жүрегі тоқтап қалғаннан кейін ұлттық ққрамаға қайта оралып, алғашқы голын соғып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или