Самир Фазли «Тұранға» оралды

Самир Фазли «Тұранға» оралды

«Тұран» футбол клубы македониялық шабуылшы Самир Фазлимен келісімшартқа отырды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы түркістандық клуб ресми мәлімдеді.

«Қош келдіңіз, Карим Бензема (сыртқы ұқсастығына қарап – ред.)! Бүгін біздің командаға македониялық шабуылшы Самир Фазли келді», - деп жазады түркістандық клубтың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Фазли түркістандық клуб сапында 2021 жылы тамыз айынан бері өнер көрсетіп келеді. Биыл қаңтарда «Тұранның» жаттығу жиынынан кетіп, «Македония Джорче Петровпен» келісімшартқа отырған.

Самир Фазли «Тұран» сапында 5 кездесу өткізіп, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или