Қазақстан құрамасы сырт алаңда Молдованы жеңді

Қазақстан құрамасы сырт алаңда Молдованы жеңді

Футболдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Молдованы жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz

Кишиневте Молдава мен Қазақстан арасындағы алғашқы матч өтті. Бұл ойында Қазақстан құрамасының тізгінінде жаңа маман болды - Андрей Карповичтің дебюті. Бапкердің дебюті сәтті өтті. 

Алғашқы таймда алаң иелері шабуылды шабуылға ұластырып, Игорь Шацкихтің қақпасын торуылдаумен болды. Бір сәтте қазақстандық қақпашы қателесіп, Молдова есепті ашуға жақын болған - қорғаушы Александр Марочкин допты қақпа сызығынан алып шықты. 

Дегенмен командалар үзіліске кетер тұста Молдова алға шықты. Ион Николаеску қазақстандықтардың қорғаныстағы қателігін пайдаланып, гол соқты. 

Ал екінші таймда Карпович шәкірттері ойын тағдырын өзгертіп жіберді. Аз шабуылдың бірінде қонақтар стандарт орындауға мүмкіндік алған. Оны Қазақстан сәтті пайдаланды - 64-минутта Сергей Малый баспен дәл соққы жасады. 

79-минутта Қазақстан футболшылары алға шықты. Бақтиер Зайнутдинов сол қанаттан сытылып өтіп, қақпа маңына қарай пас асырған, Вячеслав Посмак допты өз қақпасына соғып алды. 

Осылайша, Қазақстан құрамасы сырт алаңда 2:1 есебімен жеңіске жетті. 

Енді 29 қарашада құрамалар «Астана Аренада» матч өткізеді. Бұл жұптың қай жеңгені Ұлттар лигасының C дивизионында қалады. 

Ұлттар лигасы. 1-матч.

Молдова – Қазақстан 1:2 (1:0)

Голдар: Николэеску 45+1 (1:0), Малый 63 (1:1), Посмак 79 (өз қақпасына - 1:2)

Төреші: Сидиропулос (Грекия)

24 наурыз. Кишинев. «Зимбру» стадионы.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или