Қазақстан құрамасы Молдоваға қарсы ойынға Кишиневке ұшып кетті
Қазақстан құрамасы бүгін түнде УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіндегі Молдоваға қарсы бірінші матчын өткізу үшін Нұр-Сұлтаннан чартерлік рейспен Кишиневке аттанады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұшу шамамен алты сағатты уақыт алады. Команда Молдова астанасына кешкі уақытта – Кишинев уақытымен 23:00-де жетеді.
23 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 16:30-да Қазақстан құрамасының бас бапкері Андрей Карповичтің, сондай-ақ ұлттық құрама ойыншыларының бірінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.
Сондай-ақ, сағат 17:00-де «Зимбру» стадионында Қазақстан құрамасының матч алдындағы жаттығуы жоспарланған.
Молдоваға қарсы ойын 24 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де өтеді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или