«Реал» «Бавария» қорғаушысына көз тікті
Мадридтік «Реал» мюнхендік «Баварияның» қорғаушысы Дайо Упамеканоны қатарына қоспақ, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz тілшісі<span> </span>Чемпионат сайтына сілтеме жасап.
Le10Sport мәліметінше, мадридтік клуб орталық қорғанысын күшейтпек, сондықтан мюнхендік клубтағы французды бақылап отыр. Упамеканоға бас бапкер Юлиан Нагельсманның қарым-қатынасы ұнамайтыны хабарланған. Ойыншы әлі немңс грандының негізгі құрамына іліге алмай жүр.
Упамекано «Баварияға» былтыр жазда «РБ Лейпцигтен» 42,5 млн еуроға ауысқан болатын. Осы маусымда ол 30 матч өткізіп, бір гол мен төрт нәтижелі пастың авторы атанған. Transfermarkt порталы футболшыны 55 млн еуроға бағалайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или