«Реал Мадрид» Анчелоттиді қызметінен босата ма

«Реал Мадрид» Анчелоттиді қызметінен босата ма

Испания чемпионатының 29-туры аясындағы «Реал Мадрид» өз алаңында «Барселонадан» жеңіліп қалды, деп жазады Prosports.kz.

«Сантьяго Бернабеуде» өткен матч 0:4 есебімен аяқталды. 

Осы жеңілістен кейін «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелоттиге көптеген сын айтылды. Жанкүйерлер арасында италиялық маман қызметінен кете ме деген сұрақ пайда болды. 

Испания чемпионатының 29-шы турында «Барселонадан» жеңіліс () дің болашағына әсер ете алмайды. Клуб қатаң шара қолданбақшы, деп хабарлайды Prosports.kz Sport-Express басылымына сілтеме жасап.

Бірақ Marca басылымының хабарлауынша, бұл жеңіліс Анчелоттидің болашағына әсер етпейді. Клуб басшылығы қатаң шара қолдануды ойластырып отырған жоқ. Өйткені команда Ла лига мен Чемпиондар лигасында жеңіске жету мүмкіндігінен әлі айырылған жоқ.

Италиялық маманның клубпен келісімшарты 2024 жылдың маусымына дейін жасалған. Чемпиондар лигасының ширек финалында мадридтік «Реал» лондондық «Челсимен» кездеседі.

Айта кетейік, кешегі ойын б<span>иылғы маусымдағы үшінші Эль-Класико болатын. Қос команда бұған дейін екі рет кездесті. 24 қазанда өткен Ла лиганың 10-турында «Реал» сырт алаңда 1:2 есебімен жеңіске жетті. Ал 13 қаңтарда өткен Испания Суперкубогы аясындағы ойында «Реал» 3:2 есебімен «Барселонаны» тағы жеңген. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или