«Мақтаарал» ойыншысы Тәжікстан құрамасына шақырту алды

«Мақтаарал» ойыншысы Тәжікстан құрамасына шақырту алды

«Мақтаарал» футбол клбуының шабуылшысы Шериддин Бобоев Тәжікстан құрамасына шақырту алды, деп жазады Prosports.kz.

Тәжікстан 25-29 наурыз аралығында Наманганда өтетін «Наурыз кубогы-2022» турниріне қатысады. 

Құрама жаттығуды 19 наурызда Гулистон қаласында бастады. Сейсенбі, 22 наурызда Тәжікстан ұлттық құрамасы Наманганға аттанады.

Айта кетейік, «Наурыз кубогы-2022» жарысының жартылай финалында Тәжікстан құрамасы Угандамен ойнайды. Бұл кездесу 25 наурызда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или