Үндістандағы футбол матчында трибуна құлап, 200 адам жарақат алды (видео)

Үндістандағы футбол матчында трибуна құлап, 200 адам жарақат алды (видео)

Футболдан Үндістанның Малаппурам қаласында өткен 7х7 турнирі қайлығы оқиғамен аяқтала жаздады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Матч ТВ» Telegram-арнасы мен<span> </span>Smotrim.ru сайтына сілтеме жасап.

Матчтардың біріне 3500 адамға арналған трибунада 8 мың көрермен отырған. Өкінішке қарай, ескі құрылыс жанкүйерлерді көтере алмай, дәл алдындағы халықтың үстіне құлады, жарықтандыру мұнарасы да бұзылған.

Салдарынан 200-ден аса адам түрлі дене жарақаттарын алды, зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Қазіргі уақытта қаза тапқандар туралы хабар жоқ. Полиция төтенше жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

<span></span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или