«Мұндай матчтарда мінез сыналады». Мұхамеджан Сейсен «Қайратқа» қарсы матч туралы пікір білдірді
«Тараз» қақпашысы Мұхамеджан Сейсен клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында ҚПЛ-дың 3-туры аясында өткен «Қайратпен» ойын (1:1) жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
- Мұхамеджан, қаншалықты қиын болды?

- Жеңіл ойынды күткен жоқпыз. Қиын түсетінін білдік. Әсіресе, бірінші тайм ауыр өтті. Қателіктер болып, қарсылас қарымта шабуылдарды тиімді пайдаланып жатты. Бірақ өзімізді қамшылап, жақсы қорғанып, жүйелі ойынымызды таптық.

- Дегенмен голды екінші таймда жіберіп алдық қой...

- Екінші кезеңде сенімді қорғана білдік. Бірақ бір ғана қателік болды. Қарсылас команда ойыншысының пасы да тамаша болды. Ондай мүмкіндікті "Қайрат" мүлт жібермейді.

- Жауап гол соғылатынына сендің бе?

- Әрине, оған уақыт жеткілікті болды. Дәл осындай матчтарда командалық мінез бен рух сыналады. Жігіттер барын салып, шабуылды жүйелі өрбітіп, нәтижесінде есепті теңестірді. Кем дегенде тең тарқасатынымызға сендім.

- Мұндай нәтижеге әкелген не деп ойлайсың?

- Біріншіден, бапкердің қойған тактикасы және футболшылардың барын салып ойнауы. Әрине, жанкүйерлердің де қолдауы өте маңызды болды. Олар бізге өте жақсы жанкүйерлік етті. Сол үшін үлкен рахмет айтамын!