Қазақстан құрамасы Молдоваға қарсы матч алдында алғашқы жаттығуын өткізді

Қазақстан құрамасы Молдоваға қарсы матч алдында алғашқы жаттығуын өткізді

Футбол үйінде Қазақстан құрамасының ойыншылары бас бапкердің міндетін атқарушы Андрей Карповичтің жетекшілігімен алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаттығу УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі аясындағы Молдовамен ойынға дайындық ретінде өтті.

Жиынды бастамас бұрын Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов ойыншылар мен жаттықтырушылар құрамы алдында сөз сөйлеп, командаға алдағы ойындарда сәттілік тіледі.

Айта кетейік, команда сапында қазір қазақстандық клубтарда өнер көрсететін футболшылар ғана бар. Шетелдік чемпионаттарда доп тебетін Қазақстан құрамасының ойыншылары кейінірек командаға қосылады.

Молдоваға қарсы алғашқы ойын 24 наурызда Кишиневте өтсе, жауапты ойын 29 наурызда Қазақстан астанасында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или