«Астананың» бұрынғы ойыншысы ресейлік клубқа ауысты
Молдовалық жартылай қорғаушы Валерий Чуперка Ресейдің екінші дивизионында (ФНЛ) бақ сынайтын «Кубань» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
29 жастағы футболшы аталған клубта ағымдағы маусымның соңына дейін өнер көрсетеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін футболшы қазақстандық «Астана» сапында доп тепті. Былтырғы маусымда ол 34 матчқа қатысып, төрт гол соқты және екі нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, бұған дейін жартылай қорғаушы ресейлік «Краснодар», «Енисей», «Томь», «Анжи», «Балтика», «Ростов» және «Тамбов» сияқты клубтарда өнер көрсеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или