«Атырау» ерледі

«Атырау» ерледі

Футболдан Қазақстан чемпионатында алдыңғы қатарлы орындарға таласып жатқан «Қайрат» пен «Атырау» 10-турда Алматыда кездесті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Владимир Никитенконың Алматыға соңғы келуі өте сәтсіз аяқталған болатын. Былтыр «Ақтөбенің» бапкері ретінде ол «Қайраттан» 1:7 есебімен тас-талқан болып жеңілген еді. Нәтижесінде оның батысқазақстандық клубтағы жұмысынан босағаны да есімізде.

Ал бұл матчты тамашалауға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, «Қайраттың» ардагер ойыншысы Михаил Гурман және Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан келді.

Матч баяу қарқынмен басталды. Қос команда да бар жігерімен шабуылға ұмтылмай, алғашқы минуттарды бір-бірін бақылаумен өткізді. Қос клубтың да ұмтылыстары қорғаушыларға келгенде тоқтап қалып жатты.

Бірінші таймның алғашқы жартысында Владимир Плотников те, Жасұр Нарзықұлов та ойынға араласқан жоқ. Қақпаға алғашқы дәл соққы 31-минутта ғана бағытталды. Айып алаңына енер тұста Қуаныш Қалмұратов алаң иелерінің қақпасын нысанаға алған – Плотников орнында. Араға бірнеше минут салып Жерар Гоу Сито Риераның пасынан кейін қақпаның алыс бұрышын көздеді. Алматылық жанкүйерлердің өкініше қарай, Гоу ұрымтал тұстан мүлт кетті.

37-минутта алаң иелері жүз пайыздық мүмкіндіктен айырылып қалды. Қақпашымен бірге-бір шыққан Гоу қараусыз қалған Риераға пас қалдырған. Сито бірнеше метрден бос қақпаны дәл көздей алмады.

Екінші тайм алаң иелерінің белсенді ұмтылыстарымен басталды. 47-минутта бұрыштан әуелеген допқа Марко Жаркович бірінші секіріп, жақын бұрышты көздеді – Нарзықұлов допты алып шықты.

56-минутта «мұнайшылар» әдемі комбинация ұйымдастырып, нәтижесінде есепте алға шықты. Диакатенің пасынан кейін Владимир Аржанов сол қанаттан допты айып алаңында бос қалған Дмитрий Пархачевке асырды. Соңғысы әуедегі допты қақпада тулатты – 1:0.

62-минутта Владимир Вайсс жақында ғана жарақатынан айыққан форвард Момоду Сисей мен Жамбыл Көкеевті шығарып, шабуыл шебін күшейтті.

66-минутта Гоу ұрымтал тұсқа шыққан. Қорғаушыдан сытылып өтіп, Нарзықұловпен жеке дара қалған африкалық шабуылшы қонақтардың голкиперінен айласын асыра алмады. Атыраулықтар да қарап қалған жоқ, сәт сайын қос қаптал арқылы алаң иелерінің мазасын алып тұрды.

80-минутта доп атыраулық қорғаушының қолына тиіп, бас төреші Бағдат Абдуллаев он бір метрлік айып добын белгіледі. Нүктеге келген Жерар Гоу Нарзықұловтан тағы да айласын асыра алмады.

Бұған жауап ретінде «Атырау» тамаша қарымта шабуыл ұйымдастырды. Владимир Аржанов Плотниковпен бірге-бір шыққан болатын. Жас хавбек қақпашыны алдап өткенімен, Плотников Аржановты жығып тастады. Бірақ төреші ойын тәртібінің бұзылмағанын көрсетті.

Соңғы ысқырыққа дейін ойын мәнері өзгермей, минималды есеп тіркелді. Осылайша «Атырау» жеңіліссіз сериясын жалғастырса, «Қайрат» турнирдегі жағдайын нашарлатып алды.

«Қайрат» - «Атырау» 0:1 (0:0)

Голдар: 0:1 – Пархачев 56

«Қайрат»: Плотников, Лунин, Рудосельский, Маркович, Плиев, Гурман (Сисей 62), Бақаев, Исламхан, Исаэль (Қуантаев 46), Риера (Көкеев 70), Гоу.

«Атырау»: Нарзықұлов, Чичулин, Айтбаев, Григорьев, Эсатов, Диакате, Эссаме, Пархачев (Одибе 67), Аржанов, Қалмұратов, Иванович (Заречный 52).

Төрешілер: Бағдат Абдуллаев (Қаратау), Санжар Исқақов (Қостанай), Ғалымжан Айжігітов (Қызылорда).

Ескертулер: Маркович 77 – Заречный 70

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или