«Ары қарай жұмысты жалғастырамыз». «Қайраттың» жартылай қорғаушысы «Таразға» қарсы туралы пікір білдірді

«Ары қарай жұмысты жалғастырамыз». «Қайраттың» жартылай қорғаушысы «Таразға» қарсы туралы пікір білдірді

«Қайрат» ФК-ның жартылай қорғаушысы, 3-тур аясында «Таразға» қарсы өткен ойын жайлы және дебюттік ойыны туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

-Жасур, «Қайрат» сапындағы  дебюттік ойыныңа қандай баға бересің?

-Жақсы ойнадым, деп айта аламын. Бірақ ең бастысы - нәтиже, нәтижеге көңіліміз толмайды. Жеңіске жету үшін, ары қарай қарқынды жұмысты жалғастырамыз.

-Құрбан Бекиұлы - сені шеберлігінің 50 пайызын да көрсете алмады - деп айтқан болатын, бапкердің ойымен келісесің бе?

-Иә, әрине. Бұдан да жақсы ойнай алатыныма сенімдімін. Бірақ бұл командаға сіңісіп кету кезеңі деп ойлаймын, екі апта ғана уақыт, бұл өте аз. Бапкердің өзіндік ойы, сұранысы бар, сондықтан үйренісу қажет, одан кейін барлығы жақсы болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или