Николай Костов: Соғылған голдың арқасында кездесудің бағытын өзгертті

Николай Костов: Соғылған голдың арқасында кездесудің бағытын өзгертті

Команданың бас бапкері Николай Костов «Тұран» ФК клубына қарсы ойын туралы өз пікірін айтты.

— «Біріншіден: біздің команда ойынды өте жақсы бастады, алғашқы 15 минутта қарсыласымыздан толықтай басым түстік, гол соғуға 2 жақсы мүмкіндік жасадық, бірақ кейін қателіктер жібере бастағанды, қарсыластар пайдаланып, ойын жүрісін теңестірді. Соғылған голдың арқасында кездесудің бағытын өзгертіп, өз ойынымызды қайтардық.

Менің ойымша, біздің ойыншыларды мақтау керек, өйткені ойынның осындай қиын сәтінде шыдап, жеңіске жету психологиялық тұрғыда өте қиын. Біз бұл жеңіске лайық болдық деп ойлаймын! Барлығы ойын қиын болады деп күтті, өйткені «Тұран» футбол клубының құрамында тамаша ойыншылар бар.

Екінші тайм өздеріңіз көргендей жақсы өтті. Біз допты жақсы ұстадық. Допты өзімізде ұстау арқылы, қарсыластарды өз қақпамыздан алыстатып, ұзақ пастар арқылы ойнауға мәжбүр еттік. Лайықты жеңіс, ойыншыларымды тағы да құттықтаймын.»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или