Тони Силва: Ешқандай сылтау жоқ
«Тұран» футбол клубының жаңа ойыншысы Тони Силва «Каспийге» қарсы матчта дебют жасады. Ойыннан соң Тони Силва клубтың баспасөз қызметіне матч жайлы пікірін айтты.

- «Тұран» сапында алғаш рет алаңға шықтыңыз. Ойынды қалай бағалайсыз?
- Қарашадан бергі алғашқы матчым. Алаңда 30 минуттай болған шығармын. Әзірге көңілім толады деп айта алмаймын. Уақыт өте физикалық бабымды дұрыстаған соң бәрі жақсы болатынына сенемін.

- Ауа-райы ойынға кедергісін келтірген жоқ па?
- Ауа-райы жақсы болды. Алаң су болып, жауында ойнағанды ұнатамын. Дегенмен ауа-райы кінәлаудың қажеті жоқ. Ешқандай сылтау жоқ.

- Стадиондағы атмосфера ұнады ма?
- Атмосфера жақсы болды. Жанкүйерлерге қолдауы үшін алғысымды айтқым келеді. Физикалық бабыма келген соң командаға көбірек көмектесемін деп уәде беремін.