Срджан Благоевич: Біз өте мықты команданы жеңдік

Срджан Благоевич: Біз өте мықты команданы жеңдік

«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич «Ақтөбемен» (1:0) ойынды қорытындылады.

– Өте қиын матч болды. Өткен екі турда қиын кезеңдерді бастан кештік. Бұл алаңда да, киім ауыстыру бөлмесінде де сезілді, ойын барысында жүйкенің сыр беруі байқалды. Сондықтан, әдемі, қауіпті сәттер болды деп айта алмаймын. Не дегенмен, біз мықты қарсыласты жеңе алдық. Команда ойыншыларын құттықтағым келеді, оларға қатты ризамын. Енді аз да болса, мойнымыздан бір жүк түсті, бірақ алда әлі үлкен жүктемелер күтіп тұр. Енді халықаралық үзіліс барысындағы бірнеше күн демалыс күтіп тұр, бірақ ойынға талдау жасап, ары қарай даму жолын іздестіретін боламыз.

– «Астана» кей уақыттарда екінші номермен ойнаған секілді болып көрінді.

– Біз әрине, өзгеше ойнауға тырыстық. Жанкүйерлердің алдындағы үлкен жауапкершілікті сезіндік. Жаттығудағы жоспарлаған кейбір тәсілдерімізді жүзеге асыра алмадық. Қарсылас ұйымшылдық танытты. Бүгін болған нәтиже – біздің бар тырысып жеткеніміз. Егер, дұрыс қорытынды жасайтын болсақ, болашақта бапкер ретінде көргім келетін ойынды көрсететінімзге сенімдімін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или