Константин Горовенко: Маңызды үш ұпайға қол жеткіздік
«Атыраудың» бас бапкері Константин Горовенко «Мақтааралмен» ойынды қорытындылады.
- Осы ойын біз үшін өте маңызды болды. Бірінші таймда 2-0 етіп жеңдік. Ойынымыз жоспарымыздай өтті, ойлағанымызды орындадық. Екінші таймда тағы 2 голдық сәт болды, гол салып шешу керек едік. Бірге бір сәті және стандарттан гол соқпадық. Егер біз 3-0 есебін жасағанда, ойын қарсылас үшін бітетін еді. Бірінші таймнан кейін ешқандай гол жіберіп алмау керектігін футболшыларға ескерттім, өйткені гол жіберіп алсақ толқулар болатынын айттым.
Өкінішке орай, стандарттан гол жіберіп алдық. Әрине, матчтың аяқталуы өте жүйке күйде болды, біз есепті сақтап қалдық, жеңісті сақтап қалдық. Өте маңызды 3 ұпай, команда бір жыл бойы жеңіске жете алмады! Жеңісті күткен жанкүйерлерді қуантқымыз келді, бірақ біз бұл жеңіске қиындықпен жеттік!