Чемпиондар лигасы: Ширек финалға шыққан барлық команда анықталды
Қазақстан уақыты бойынша 16 наурыздан 17 наурызға қараған түні Турин мен Лилльде Чемпиондар лигасы 1/8 финалының соңғы екі қарымта кездесуі өтті, деп жазады Prosports.kz.
«Ювентус» өз алаңына испаниялық «Вильярреал» командасынан 0:3 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды. Алғашқы кездесуде командалар 1:1 есебімен тең түскен болатын.
«Ювентус» - «Вильярреал» - 0:3. Бірінші матч – 1:1
Гол соққандар: Жерар Морено (78),Пау Торрес (85), Арно Груневелд (90+2).
Ал алғашқы ойында өз алаңында 2:0 есебімен жеңіске жетіп, басымдылыққа ие болған «Челси» сырт алаңда «Лилльді» тағы жеңді.
«Лилль» - «Челси» - 1:2 (1:1). Бірінші матч – 2:0
Гол соққандар: Бурак Йылмаз (38), Кристиан Пулишич (45+3), Сесар Аспиликуэта (71).
Осылайша, Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан командалар анықталды. Олар: «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Челси», «Реал Мадрид», «Атлетико», «Вильярреал», «Бавария», «Бенфика».