«Манчестер Сити» Холандты АПЛ-да ең көп жалақы алатын футболшы қылмақ

«Манчестер Сити» Холандты АПЛ-да ең көп жалақы алатын футболшы қылмақ

Дортмундтық «Боруссияның» шабуылшысы Эрлинг Холанд «Манчестер Ситиге» ауысса, АПЛ-дағы ең көп жалақы алатын ойыншыға айналады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

«Қалалықтар» 21 жастағы норвегиялық футболшыға аптасына 500 000 фунт стерлингтен асатын жалақы ұсынды.

Қазіргі уақытта АПЛ-да ең көп жалақыны Криштиану Роналду («Манчестер Юнайтед») мен Кевин де Брюйне («Манчестер Сити») алады – аптасына шамамен 385 мың.

«Манчестер Сити» басшылығының пікірінше, Холанд болашағы туралы шешімді бір ай ішінде қабылдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или