Чемпиондар лигасы: «Манчестер Юнайтед» пен «Аякс» жарыс жолынан шығып қалды
Түнде Чемпиондар лигасының 1/8 финалының екі ойыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Манчестер Юнайтед» Чемпиондар лигасының екінші ойынында «Атлетико Мадридтен» 0:1 есебімен ұтылды. Ренан Лоди (41) жеңіс голын соқты. Мадридте өткен бірінші матч 1:1 аяқталған еді.
Сондай-ақ «Бенфика» «Аяксты» минималды 1:0 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының ¼ финалына шықты. Шешуші доптың авторы Дарвин Нуньес болды. Бірінші ойында командалар тең түскен (2:2).
Турнирдің 1/4 финалының жеребе тарту рәсімі 18 наурызда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или