Сейілдә Байшақов сыйлығы Сергей Малыйға берілді
2021 жылдан бастап<span> </span>ҚКФЛ маусымның қорытындысы бойынша маусымның үздік қорғаушысы жүлдесіне ХХ ғасырдағы Қазақстанның үздік футболшысы Сейілдә Икрамұлы Байшақов есімін берген болатын, деп жазады Prosports.kz.
Байшақов<span> </span><span>атындағы алғашқы жүлдені «Тобылдың» қорғаушысы Сергей Малый иеленді. Ол өзінің сенімді ойынымен Қазақстан 2021 чемпионатының алтын медальдарын жеңіп алуына үлкен үлес қосты.</span>
Жаңа маусымның басында Малый аталмыш жүлдені Сейілдә Икрамұлының қолынан алуға мұмкіндікке ие болды!
- Кез-келген марапатты жеңіп алу және алу өте жақсы. «Тобылдың» барлық ұжымына алғысымды білдіргім келеді, бұл марапат — бүкіл ұжымның қажырлы еңбегінің жемісі. Әрине, менімен бірге барлығын маусым бойы бастан кешіретін және қолдайтын отбасыма үлкен рахмет айтамын! Бірақ өткен жетістіктер ешкімді қызықтырмайтынын атап өткім келеді, сондықтан біз жаңа маусымда алға қойылған нәтижелерге қол жеткізу үшін бар күшімізді саламыз, - деді Малый.