Африкалық миллиардер «Арсеналды» сатып алмақшы

«Р-Спорт» сайтының мәлімдеуінше, Африкадағы ең бай нигериялық миллиардер Алико Данготе ағылшындық «Арсенал» футбол клубын сатып алуды қалайды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алико Данготе лондондық клубты сатып алудан үмітін еш үзер емес. Осыдан бес жыл бұрын «Арсеналды» сатып алмақшы болған, бірақ келіссөздер дұрыс аяқталмай қалуы себепті бұл әңгіме тоқтатылған болатын.

«Мен күндердің күні бұл команданы қандай бағаға болса да сатып алатыныма үміттімін, - дейді 58 жастағы Данготе. – Клуб басшылығы қандай бағаға сатқысы келеді, мен алуға дайынмын. Өз бағытымды жақсы білемін».

«Арсенал» акциясының 67 пайызы америкалық Стэн Кронкеге тиесілі. Қалған бөліктеріне ресейлік Алишер Усманов пен ирандық Фархад Мошири иелік етуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или