Бердыев «Мақтааралмен» ойынға қатысты пікір білдірді
«Қайраттың» бас бапкері Құрбан Бердыев клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Қазақстан чемпионатының 2-ші турындағы матчта алматылық клубтың «Мақтааралды» жеңгеніне (1:0) қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
- Матч өте тартысты өтті. Бүгінгі ойын үшін жігіттерге алғыс айтамын. Маусымның басында жеңіске жету өте маңызды және біз осы үш ұпайға қуаныштымыз.
Сондай-ақ бүгінгі ойынға белсенді қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или