Дмитрий Огай: «Ойынға құлқы жоқ футболшыны алаңға шығармаймын»

Дмитрий Огай: «Ойынға құлқы жоқ футболшыны алаңға шығармаймын»

«Қайсар» клубының бас бапкері Дмитрий Огай ел біріншілігінің 10-турындағы «Қайратқа» қарсы кездесу туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

— Екі команданың да ойыны өте сылбыр болды. Бәлкім, күннің ыстықтығы шығар, жігіттерге футбол ойнау өте ауыр тиді. Сондықтан, ойын туралы ойым екі ұшты.

— Юрай Пирошканы соңғы кездері көрмей жүрміз...
- Мен де оны көрмей жүрмін. Ойынға құлқы жоқ футболшыны қалай қинап алаңға шығарамын. Бірде ауырып қалады, бірде көңіл-күйі болмайды, жаттығуларда да сылбыр. Рас, дубльдік команда сапында алаңға шығып жүр. Дегенмен, ол жақта да жарытып жүргені шамалы.

— Трансферлік науқанда команданы күшейтудің мүмкіндігі бола ма?
— Әлбетте күшейгіміз келеді. Дегенмен, барлығы да сол уақытта белгілі болады. Маған алдымен алдағы ойындар туралы ойлану қажет. Өйткені, біраз ойыншы жарақат алып қалған. Өткен матчта Жасұлан Молдақараев жарақат алды, оның алдында Римо Хунт жараланды. Сондықтан, алдымен құрамада бар жігіттерді бір реткен келтіріп алу қажет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или